Алматыдағы көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты бір айдан астам уақытқа жабылады
Фото: Zakon.kz
2024 жылдың 5 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданында Дунаевский мен Левитан көшелерінің арасындағы тұйық көшеде автокөліктер үшін қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС 2024 жылдың 2 тамызында мәлімдеді.
Ведомствоның ақпаратынша, бұл уақыт аралығында көшеде 1976 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
"Уақытша шектеулер 1976 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 1240 метр болатын, аталған көшенің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек". "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Бұл құбыржол 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке тұрғын үйді, 5 балабақшаны, 4 мектепті, 2 денсаулық сақтау нысанын және басқа да 15 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
"Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады",- делінген хабарламада.
Сурет: "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде орналастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript