Астанада жаз соңына дейін қаланың көрікті нысандарының бірі жабылады

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, виды Астаны, виды города Астаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 09:40 Фото: pixabay
2026 жылғы 5 маусым мен 15 тамыз аралығында елордадағы "Астана жұлдызы" монументі келушілер үшін жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан нысанда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

"Жұмыстар тарихи-мәдени мұраны сақтау және нысанның тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған", – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.
Астана жұлдызы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 09:40

Сурет: gov.kz

"Астана жұлдызы" монументі – биіктігі 40 метр болатын алтын түстес стела. Оның тұғырында үш қола тұлпар бейнеленген. Ескерткіш қола, металл, алтын жалатылған элементтерден және мәрмәр материалдарынан жасалған.

Монументтің салтанатты ашылуы 2007 жылғы 6 тамызда өткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: