Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі жаз соңына дейін жабылады

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 21:20 Фото: Zakon.kz
Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

14 шілдеден 25 тамызға дейін Төле би көшесінің Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы толықтай жабылады. Бұл аумақты Сәбденов көшесі арқылы айналып өтуге болады.

"Аталған учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп хабарлады әкімдік.

Еске сала кетейік, жол қозғалысына қойылатын шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" сервистерінде жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: