Алматыда жолайырыққа бұрылатын жолдар түнде жөндеуге байланысты жабылады

Алматыда жолайырыққа бұрылатын жолдар түнде жөндеуге байланысты жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 16:24 Сурет: Zakon.kz
Рысқұлов-Күдерин жолайырығының аумағы орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

24 шілде сағат 23:00-ден 25 шілде сағат 6:00-ге дейін Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағындағы бұрылысқа қарай қозғалыс жабылады.

Соқпақбаев, Сусанин, Крылов және Сахалинская көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: