Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырыққа бұрылатын жолдар жөндеуге жабылады

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, асфальт, ремонт дорог, асфальтобетонные работы, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 12:17 Сурет: Zakon.kz
Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 қыркүйек сағат 23.00-ден 7 қыркүйек сағат 11.00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі оңтүстікке бұрылыс пен Жансүгіров көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі солтүстікке бұрылатын жолда қозғалыс жабылады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: