Петропавлда қыз баланың аяғы жылу батареясының қуысына қысылып қалған – видео

Құтқару, Петропавл, қыз бала, аяқ, қысылу, жылу батареясы, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 10:27 Сурет: telegram/qr_tjm
Петропавлда ТЖМ құтқарушылары батареяның қуысына аяғы қысылып қалған қыз балаға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавл қаласында 8 жастағы қыз бала ойнап жүріп, абайсызда жылу батареясының секцияларының арасына қысып алған аяғын өздігінен шығара алмай қалған. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, гидравликалық авариялық-құтқару құралдарының көмегімен балаға көмек көрсетті.

Кейін қыз бала дәрігерлерге тапсырылды.

Бұған дейін Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатына ұшырап, қаза тапқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: