Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатына ұшырап, қаза тапты

Жол апаты, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, әкімнің орынбасары, Ерболат Иғали, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 09:22 Сурет: Zakon.kz
Атырау облысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 45 жастағы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай бүгін таңертең болған. Ішінде Ерболат Иғали және жүргізушісі болған қызметтік автокөлік жолда аударылып қалған. Олар жұмысқа бара жатқан, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Апат салдарынан шенеунік оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аман қалды. Қаралы хабарды Атырау облысының әкімдігі растады.

"Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Иғалидың кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз", деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Марқұмның артында бес баласы қалғаны нақтыланады.

Ерболат Иғали еңбек жолын жергілікті газеттің тілшісі ретінде бастаған. 2023 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жол үстінде цемент таситын жүк көлігі аударылып қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: