Семей қаласының әкімі болып Нұрбол Нұрсағатов тағайындалды

Сурет: Instagram/nurbol_nursagatov
Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұрбол Нұрсағатов Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін бітірген, Л.Б. Гончарова атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы бастады. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс комитетінде, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары жұмыс істеген.

2011-2012 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасында, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау басқармасында қызмет атқарған. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарының әкімдіктерін басқарды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Абай ауданы әкімінің орынбасары болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс