"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 09:02 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 26 қазанда Қазақстанның бірнеше қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 26 қазанда Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Сондай-ақ "Қазгидромет" ел аумағының басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер үсік жүріп, қауіпті ауа райы құбылыстары болуы мүмкін екенін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: