Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2026 09:06 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 24 қазанда Қазақстанның төрт қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 24 қазанда Ақтөбе мен Алматы қалаларында, ал түнде Астана мен Көкшетауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия) үйлесуі.

Еске салайық, бұған дейін 24 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: