"Қайрат" футбол клубына қала бюджетінен қаржылай көмек көрсетіле ме

Сурет: fckairat.kz
27 қазанда Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғынының "Қайрат" клубына қаржылай көмек көрсетуге қатысты сауалына жауап бере келе, клуб қала меншігіне өткенде ғана көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қайрат" қазір жекеменшікте. Әкім қазір сот шешімін күтіп отырғанын айтты.

Қаланың меншігіне өткеннен кейін клубқа көмек көрсету мәселесін қарастырамыз, – деді әкім.

12 қазанда "Қайраттың" баспасөз қызметі клубтың Алматы әкімдігіне өткені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін желіде ұсталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың "Қайрат" футбол клубын барлық инфрақұрылыммен бірге қала билігінің пайдасына қайта жазып бергені туралы ақпарат тарай бастаған.

17 наурызда қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Қаржылық мониторинг агенттігі оған қатысты квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды