"Құрметті жерлестер!⠀Мен үшін сіздерге қызмет ету аса зор құрмет болды. Мәселелерді шешуді басты басымдық ете отырып, мен әрқашан да барлығын шынайы және адал орындадым. Жылдар бойы жиналған мәселелердің біраз бөлігі шешілді, қалғандарын шешуге уақыт көбірек қажет болды. Екібастұздағы төтенше жағдай дәл сол – ұзақ уақыт бойы жиналып келген және тез шешілмейтін проблема. Дегенмен, қадірлі Екібастұз тұрғындары, мен қалыптасқан жағдай үшін өз жауапкершілігімнің де бар екенін білемін және сіздерден шын жүректен кешірім сұраймын! Осы күндері менің барлық ойларым мен уайымым сіздер туралы болды және солай болады. Сіздерге қайраттылық, ал мамандар мен әріптестеріме мәселенің жедел шешілуін тілеймін. Жерлестер, сіздерге жақынырақ таныса алған мүмкіндік үшін, конструктивті сындарыңыз үшін, ашық диалог пен 3 жылға жуық маған артқан сенім үшін шын жүректен алғыс айтамын".
2022 жылы 1 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды. Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқаратыны белгілі болды. Ол бұл тағайындауға дейін Әбілқайыр Сқақовтың бірінші орынбасары болған еді.
27 қарашаға қараған түні Екібастұз қаласы апатқа байланысты жылусыз әрі ыстық сусыз қалды.
28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.
30 қарашада Премьер-министр Екібастұзға жұмыс сапарымен келіп жетті.