"Жылу желілерін қосу, яғни үйлерге жылу беру жұмысын ертең аяқтаймыз, тіпті ары кетті дегенде бүрсікүні болар деп үміттенемін. Бірақ, ертең бітіп қалуымыз керек, негізі", - деді Олег Крук жедел штабта өткен брифингте.
Оның айтуынша, 2 желтоқсанда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, қалада жалпы саны 30 тұрғын үйде жылу жоқ. Бір күн бұрын бұл цифр 49-ды құраған. Демек, бұл бағытта жұмыстар қарқынды атқарылып жатыр.
Брифинг барысында қала әкімі де осы сауалға, яғни журналистердің жанама тағы бір сұрағына жауап бере кетті.
"Эвакуация" сөзін қолданбауларыңызды сұраймын. Өйткені бүгіндері жергілікті билік алдында адамдарды эвакуциялау мәселесі тұрған жоқ. Біз тек балаларды басқа жерге, атап айтқанда арнайы дайындалған лагерьлерге көшірдік. Қала тұрғындары эвакуацияланбайды, керісінше үйлерге тез арада жылу беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басымдық осы мәселеге берілген". Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин
Оның айтуынша, қалада тамақ, ыстық шай ұсынылатын 14 жылту пункті жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар 10 мобильді жылыту пункттері бар. Сондай-ақ тұрғындардың өтініші бойынша 25 биоәжетхана ұйымдастырылған.