Әкім бұрын тұщыту қондырғысын жөндеуге байланысты ауыз судың қысымы төмендеген МАЭК-Қазатомөнеркәсіптегі жағдайды тұрақтандыру бойынша шұғыл шара қабылдауды тапсырды.
"Өңір басшысы облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаровқа, Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновке, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаевқа, «МАЭК» ЖШС бас директоры Талғат Есентүгеловке және оның орынбасары Мұрат Иғалиевке сөгіс жариялады".Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аймақ басшысы "жағдайды нақты талдау керек" деп қадап айтты. Сондықтан жауапты тұлғаларға МАЭК кәсіпорнының жұмысын күнделікті бақылауды тапсырды.
"Халық ыстық судың тоқтатылуының себебі неде екенін білуі керек. "Суды бүгін береміз, ертең таңертең береміз" деп бос уәде берудің қажеті жоқ. Бұл жағдай коммуналдық қызметтер мен уәкілетті органдардың жұмысы нашар үйлестірілгеннен болды".Нұрлан Ноғаев
30 қараша күні Ақтауда ыстық су тұтыну күрт өсті. Сонымен қатар жағдайға аяз теріс әсер етті, соған байланысты су қоймаларындағы деңгейлердің күрт төмендеуі байқалды. Ыстық тұтынудың ұлғаюының себептері желілердегі екпінді желдер болуы мүмкін.
"МАЭК" электр станциясының басшылығы су қоймаларындағы су деңгейін төмендету туралы шешім қабылдады, бұл Ақтауға ыстық су беруді шектеуге себеп болды.
Қаланы жылумен қамтудағы үзілістердің алдын алу үшін ыстық суды беруді уақытша шектеу туралы шешім қабылданды. Қазір жағдайды жою үшін барлық күш жұмылдырылған.