Қала әкімінің сөзінше, биыл Алматыда 6 000 орындық 4 жаңа мемлекеттік мектеп салынып, қосымша 1800 орындық 2 мектеп сатып алынды.
Дегенмен оқушы орындарының тапшылығы проблемасы әлі де бар, бүгінде 19 120 оқушы орны тапшы. Болжам бойынша, 2030 жылға дейінгі мектеп жасындағы балалардың жыл сайынғы өсімі шамамен 13-14 мың болады, сондықтан орын тапшылығы проблемасы әлі де өзекті десе болады.Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев
Осы орайда Ерболат Досаев орын тапшылығы проблемасын түбегейлі шешу үшін Мемлекет басшысы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыруға қолдау көрсетіп, 2030 жылға дейін бір ауысымды оқытуға көшуді қамтамасыз етуді тапсырғанын тілге тиек етті.
Ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылдан бастап Алматы қаласында алдағы 3 жылдың ішінде республикалық бюджет есебінен 53 млрд теңге сомасына 37 100 орындық 22 мектеп құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл ретте жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 11 млрд теңгеге жер учаскелерін сатып алу және инфрақұрылым тарту мәселелері шешіледі.Ерболат Досаев
Сондай-ақ ол әкімдік "1000 мектеп" жобасын да іске асыруды жалғастыра беретінін, жоба шеңберінде 2023-2025 жылдары 27 150 орындық 36 мектеп пайдалануға берілетінін атап өтті.
2023 жылы 2 мектеп пен 4 қосымша құрылысты салуға 6,9 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Осылайша, 2026 жылға дейінгі тапшылық басқарылатын деңгейге дейін төмендейді. Ерболат Досаев
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі екенін атап өткен әкім келесі оқу жылының басына қарай барлық мемлекеттік мектептерге "дабыл түймелері", рұқсат беру жүйесі, өрт қауіпсіздігі жүйесі, жедел басқару орталықтарымен біріктірілген бейнебақылау камераларымен жабдықталған интеграцияланған қауіпсіздік жүйесі енгізілетінін айтты.
Оның сөзінше, жалпы құны 4,9 млрд теңге болатын бұл жобаны үш жылдық сервистік үлгі бойынша қаржыландыру жоспарланған.
Менің бастамам бойынша 2023 жылы қаламыздың барлық аудандарындағы 29 мектепте 7,7 мың оқушыға арналған "Мектеп автобусы" пилоттық жобасы іске қосылады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында жеткізілетін 100 жаңа мектеп автобусы заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады.Ерболат Досаев
Сонымен қатар қала басшысы жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушыларын, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жобасы басталғанын айтты.
Осы мақсатқа 2022 жылы 7,1 млрд теңге бөлдік. Келесі жылдан бастап жалпы оқушы санының 45%-ін, яғни 133 мың баланы тамақпен қамти отырып, жобаны іске асыруды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Өнімдердің қымбаттауын ескере отырып, ата-аналар мен жалға алушылардың өтініші бойынша тамақтану құны 560 теңгеден 800 теңгеге дейін көтерілді. Осы мақсатқа 2023 жылғы бюджет жобасында 20,4 млрд теңге жоспарланған.Ерболат Досаев
Бұған қоса әкім 2023 жылғы бюджетте шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру бағдарламасына 16,2 млрд теңге көзделгенін мәлімдеді. Бұл шамамен 70 мың баланы қамтуға мүмкіндік береді.
Қала басшысының сөзінше, 2023 жылы жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеге Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданында және Алатау ауданының Нұркент шағын ауданында әрқайсысы 675 орындық инновациялық шығармашылық орталықтардың құрылысын аяқталып, 2023 жылы ақпанда пайдалануға беріледі.