Асқар Әмрин "Қоғамдық көлікті диспетчерлеу" жобасын қолдауды сұрады

Әкімнің орынбасары Асқар Әмрин Станислав Владимирович пен депутаттар алдында "Қоғамдық көлікті диспетчерлеу" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асқар Әмрин бес жыл бұрын 2018 жылы Қалалық мобилділік басқармасы мен Көлік холдингі арасында қоғамдық көлікті диспетчерлеу туралы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалғанын еске салды.

Оның сөзінше, бастапқыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында диспетчерленуге және диспетчерлеу жүйесімен жабдықталуға жататын қоғамдық көліктердің саны 1700 жылжымалы бірлік деңгейінде бекітілді. Бірақ іс жүзінде олардың саны 47%-ға, яғни 1700-ден 2500 бірлікке дейін өсті.

"Баяндалғанды ескере отырып, қалалық жер үстіндегі қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімін 2023 жылдан 2027 жылға дейін қосымша 5 жылға ұзарту және мемлекеттік міндеттемелерді 2,8 млрд. теңгеге ұлғайту ұсынылады", - деді ол.

Сонымен қатар әкім орынбасары Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасы барлық уәкілетті органмен және жергілікті бюджет комиссиясымен келісілгенін айтты.

"Осыған байланысты «Қоғамдық көлікті диспетчерлеу» жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Алматы қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасын қолдауды сұраймыз".Асқар Әмрин

"Қоғамдық көлікті диспетчерлеу" жобасы:

Қоғамдық көлікті диспетчерлеу:

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі міндеттері:

  1. автобустар мен троллейбустардың желіге шығуын бақылау;

  2. қоғамдық көліктің жүру маршруттары мен кестелерінің сақталуын бақылау;

  3. жолдарда күтпеген жағдайлар болған жағдайда олардың қозғалысын үйлестіру және қаланың шұғыл қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;

  4. бюджеттік субсидияларды есептеу үшін автоматтандырылған деректерді қалыптастыру.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: