Астанада бірнеше жылдан бері пәтер кілтін ала алмай жүрген тұрғындар қоныс тойын тойлады

Сурет: Жеңіс Қасымбектің Instagram-дағы парақшасы
Астанада бірнеше жылдан бері пәтерін ала алмай жүрген тұрғындар қоныс тойын тойлады. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, әкімдік осыған дейін қаладағы құрылысы ұзаққа созылған 150 көпқабатты тұрғын үй кешенінің 120-сының құрылысын аяқтаған.

"Осылайша мыңдаған отбасы көптен күткен пәтеріне қоныстанды. Бүгін, яғни 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні 300-ден астам үлескер отбасы пәтерінің кілтін алды. Royal Expo тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше жыл бұрын қоныстануы керек еді. Тұрғындарды бүгінгі мерекемен және қоныс тойымен құттықтаймын! Әрбір отбасыға амандық, дендеріне саулық тілеймін!", - деп жазды Астана әкімі Instagram-дағы парақшасында.


Сурет: Жеңіс Қасымбектің Instagram-дағы парақшасы


Астана әкімі сонымен бірге өзге де үлескерлердің тезірек баспаналы болу мәселесін шешуді жалғастыратынын жазды.

"Ал қалған 15 нысан бойынша (30-дан астам тұрғын үй кешені) сапасына ерекше назар аударуды әрі құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырдым. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында", - деп жазды ол.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы