Астанада Тұран мен Ұлы Дала даңғылдары қилысындағы жол жабылды

Сурет: pixabay
21 қаңтарда Тұран даңғылы мен Ұлы дала даңғылының қиылысында су құбырының жарылуы салдарынан көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

City Transportation Systems мәліметінше, Тұран даңғылы мен Ұлы дала даңғылының қиылысында су құбырының жарылуы салдарынан көлік қозғалысы тоқтатылды. Көлік, оның ішінде 26,40 маршруттарының жүріс бағытына уақытша өзгеріс енгізілді. Аталған қоғамдық көліктер Тұран даңғылы - Бұқар жырау көшесі - Қабанбай батыр даңғылы - Ұлы дала даңғылы бойынша уақытша қатынай тұрады.

Қазір Бұқар жырау көшесіндегі жол кептелісі байқалады, бұл жайт 26,40 маршруттарының қозғалыс кестесінің бұзылуына әкеліп соқты.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау кезінде осы жағдайды ескеру сұралады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды