Тұрғындардың бірі әкімге сұрақ қойғанда қала тарихын сақтап қалуды сұрады.
"Егер қалада үй салуға не басқа нәрсеге рұқсат берсе, орталыққа тиіспеңіздер. Өйткені ол - біздің тарихымыз. Алматылық ретінде мен үшін бұл өте маңызды", - деп тұрғындардың бірі өтініш білдірді.
Әкімнің айтуынша, 2022 жылдың күзінен бастап барлық жаңа жоба Алматы қаласының қала құрылысы кеңесінде қаралып жатыр.
"Орталықты қазіргі қалпында қалдырайық дегенде ондағы адамдар 1960 жылы емес, 1940 жылы салынған коммуникациялармен өмір сүріп жатқанын ұмытпауымыз керек. Біз тарихи келбетті барынша сақтауға тырысамыз, бірақ модернизация сөзсіз болады. Өйткені ол адамдар да басқалар сияқты өркениеттің барлық артықшылығын көргісі келеді".Ерболат Досаев
Әкім өкінішке қарай панельді үйлерді жаңарту мүмкін емес екенін айтты.
"АДК (Алматы үй құрылысы комбинаты) салған үйлер тарих болып саналады. Бірақ мен оларды бұзу керек деп есептеймін. Панельдік үйлер 25 жылдан артық шыдамайды. Олардағы қабырғаға дюбель де соға алмайсыз".Ерболат Досаев
Сөз соңында әкім қаланың жаңаратынын жеткізді.
"Біз тарихи келбетті сақтаймыз. Бірақ инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, жаңғырту бағдарламасы толығымен орындалады", - деді Досаев.
2022 жылдың қыркүйегінде Алматының екі ауданында 1427-ден астам үй сүрілетіні хабарланған.