СҚО әкімі ауруханада болып, зардап шеккен петропавлдық оқушылардың жай-күйін сұрады

Сурет: CҚО әкімдігі
Петропавлдағы №4 мектепке 9-сынып оқушысы балта мен пышақ алып келіп, оқушыларға шабуыл жасаған. Салдарынан үш бала зардап шекті. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. СҚО әкімі Айдарбек Сапаров ауруханада болып, зардап шеккен оқушылардың жай-күйін сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінгі оқиғадан кейін ауруханаға түскен балалардың хал-жағдайын білдім. Балалармен тілдесіп, тезірек сауығып кетуін тіледім. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді, қазір олардың жағдайы тұрақты. Балалар дәрігерлердің бақылауында", - деп жазды СҚО әкімі Айдарбек Сапаров Instagram-дағы парақшасында.

13 ақпанда Петропавлда 15 жастағы оқушы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттады. Оның екеуі көпбейінді облыстық балалар ауруханасында жатыр. Кәмелетке толмаған Д. қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуыл жасаған 9-сынып оқушысы "Күйзеліс" диагнозымен дәрігер есебінде тұрған. Аталған төтенше жағдайдан кейін еліміздің барлық мектебінде қауіпсіздік бойынша тексерулер жүргізілетіні жарияланды. 


Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді