"Бұл - жалған ақпарат". Павлодар облысының әкімі желіде жүрген ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: primeminister.kz
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхан желіде жүрген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, Екібастұздағы жылу электр орталығы жұмысын тоқтатқан жоқ, ол штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал желіде анықталған ақау жойылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ресми жауап! Бұл жалған ақпарат, шындыққа жанаспайды. ЖЭО (ТЭЦ) жұмысы тоқтаған жоқ, керсінше жылу беру параметрлері өсу үстінде, дәл қазіргі уақытта (19.02.2023; 14:50) ЖЭО тұрақты жұмыс істеп тұр. Жұмыста 6 қазандық агрегаты бар № 5, 6, 9, 11, 12, 13 (3 су жылыту арқылы және 3 энергетикалық). ЖЭО-дан шығатын желілік судың температурасы 71 градусты құрайды", делінген облыс әкімі Айсайын Байханның Facebook-тегі жазбасында.

Айта кетсек, 18 ақпанда сағат 4:55-те станцияда желілік су құбырындағы тығын жұлынып кетті.

Бұған дейін алдында Энергетика министрлігі де аталған ақаудың жойылғанын хабарлап, ақпарат таратқан болатын. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды