Жөндеу жұмыстары магистральдық және аудандық маңызы бар көшелерде жүргізіледі және қаланың барлық ауданын қамтиды.
"Негізгі жол жөндеу жұмыстары көктемнің соңында, ауа-райы қолайлы болған кезде басталады. Биыл ұзындығы 200 км болатын 220 көше орташа жөндеуден өтеді". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шұңқырларды жамау жұмысының сапасын арттыру үшін маусымдық профилактикада болған асфальтбетон зауыты іске қосылды.⠀
"Бұл қалалық мобильділік басқармасы "Асфальтбетон-1" зауыты мен жол жөндеу компаниялары арасындағы қол қойылған меморандумнан кейін жүзеге асты. Құжатқа сәйкес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жөндеуге 5 компания кіріседі", делінген хабарламада.⠀
18 қаңтарда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елдегі жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану жайына тоқталған болатын.