Астанада мүгедек адамдардың дауыс беруі үшін үш ұйым көлік тасымалын ұйымдастыруда

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау жөнінде қызметті 3 ұйымнан 40 машина жүзеге асыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласында дауыс беруге құқығы бар 19 мың мүгедек адам тұрады, олардың ішінде кресло-арбада – 1 343 адам, есту қабілеті бұзылған – 457 адам, көру қабілеті бұзылған – 492 адам бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

- кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшін – 6, "Мүгедектік технологиясын зерттеудің инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС жүзеге асырады;

- көру қабілеті нашар адамдар үшін – 20, "Малика" қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады;

- 14 бірлік Астана қаласының мүмкіндігі шектеулі жандар үшін (18 жастан асқан) дәрігерлік консультативтік комиссияның тағайындауы бойынша "Мүгедек балалар қоғамы" қоғамдық бірлестігі қызмет көрсетуші жүзеге асырады.


Сонымен қатар, Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі No 167/21-VI шешіміне сәйкес, елордада қала азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүру ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсетілетіні де нақтыланады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды