Кузбастағы шахтада 20 адамның денесі табылды

pixabay
Шахтадағы атмосфераның күрт нашарлауына байланысты мәйіттерді жер бетіне тасымалдау тоқтатылды.

Құтқарушылар жер үстіне шыға алмаған 18 кенші мен 2 құтқарушының денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шахта басшыларының хабарлауынша, "Листвяжная" шахтасында жалпы 20 адам қаза тапқан.

Кемеров облысының губернаторы Сергей Цивилевтің ресми Telegram каналындағы хабарламада шахтадағы құтқару жұмыстары туралы ақпарат берді.

Дерекке сәйкес, шахтадағы атмосфераның күрт нашарлауына байланысты мәйіттерді жер бетіне тасымалдау тоқтатылды. Тау-кен құтқарушылары жер үстіне шығарылды.

Сондай-ақ, тау-кен құтқарушылары 25 қарашада метан жарылысы болған шахтада өрт іздері жоқтығын атап өтті. Қазір авариялық учаскеде метан концентрациясын төмендету арнайы операция жүргізілуде, бұл қайта жарылыс қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді. Содан кейін барып кеншілердің денелерін іздеу жұмыстары жалғасады.

"Листвяжная" шахтасындағы апат 25 қарашада болды. Алдын ала болжам бойынша шахтада метан-ауа қоспасының жарылуы орын алған. Оқиға кезінде шахтада 285 тау-кен жұмысшысы болған.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев