Ресей дизельдік отын экспортына тыйым салмақшы

АЗС, бензоколонка, бензоколонки, заправка, заправки, бензин, автозаправка, автозаправки, цены на бензин, стоимость бензина, автозаправочная станция, автозаправочные станции, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 14:31 Фото: Zakon.kz
Ресей дизельдік отын экспортына тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр. Тіпті сұранысты қанағаттандыру үшін резервтегі жанармай қорын пайдалануға көшкен.

Мұны осы елдің вице-премьері Александр Новак мәлімдеді. Ал жергілікті басылымдардың кейбірі бензин тапшылығын еңсеру үшін үкіметтің отынды импорттауы мүмкін екенін хабарлап отыр.

Қазір Ресейдің ондаған аймағында жанармай жетіспеушілігі байқалады. Солардың қатарында Мәскеу мен Мәскеу облысы да бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал 13 аймақ бензин сатуды ресми түрде шектеуге кіріскен. Ресейде мұндай жағдайдың қалыптасуына украиналық дрондардың мұнай өңдеу зауыттарына қайта-қайта соққы беруі себеп болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: