Мейрамхана менеджері клиенттің тағамына түкіріп, вирус жұқтырды
Фото: Zakon.kz
10News басылымының мәліметінше, Оклахома штатының МакКертен округінде менеджерге ауыр қылмыс ретінде саналатын уландыру бабы бойынша айып тағылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол жеке бас араздығы салдарынан әйелдің тағамына түкірген.
Бейнебақылау камералары Arby’s мейрамханасында Аманда Хендрикстің әрекетін тіркеген. Брокен-Боу шағын қала болғандықтан, мұндағы ақпарат тез тарағаны айтылады. Жәбірленуші Дженника Черчтің айтуынша, Хендрикс оның сэндвичтеріне түкіргенін мақтанып айтқан, бұл туралы Черчтің қызы да біліп қойған.
Черч пен оның отбасы Хендрикске, Arby’s мейрамханалар желісіне және онымен байланысты компанияларға қарсы сотқа жүгінген.
Айта кетейік, бұған дейін Венгрияда санитардың үйінен адам дене мүшелері табылғаны туралы хабарланған болатын.