Германияда 16 жыл канцлер болған Ангела Меркельді шығарып салды

Канцлер қызметін 16 жыл атқарған Ангела Меркельдің өкілеттілігі аяқталды

Ангела Меркель бейсенбі күні ресми түрде Германия үкіметінің басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты ГФР Қорғаныс министрлігінде салтанатты рәсім өтті.

Германиядағы дәстүрге сәйкес, жоғары дәрежелі саясаткер қоштасу рәсіміне Бундесвер оркестріне бірнеше музыкалық шығармаларға тапсырыс бере алады.

Меркель неміс панк-роктың аңызы Нина Хагеннің "Сен түрлі-түсті фильмді ұмытып кеттің" (Du hast den Farbfilm vergessen) әнін таңдады. Бұған дейін саясаткер бұл шығарма оның жас кезіндегі жарқын сәттерді еске салатынын айтқан еді.

Қоштасу сөзінде Меркель мұрагер Олафу Шольцқа сәттілік тілеп, саясатқа деген сенімді жоғалтпауға шақырды.

Мен бүгін сіздердің алдарыңызда тұрып маған артқан сенімдеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Маған кішіпейілділік таныттыңыздар, сол үшін де рахмет. Ал сенім – саясаттағы маңызды капитал. Сондықтан мен сіздерге шын жүректен алғыс айтамын.Ангела Меркель

Еске сала кетейік, 26 қазанда канцлер қызметін 16 жыл атқарған Ангела Меркель өкілеттілігі аяқталғаны туралы хабарлама алған. Осылайша Меркель және оның командасының барлық мүшелері жұмыстан босағаны туралы ескерту хатын алған. Бірақ саясаткерлер жаңа үкімет құрылғанға дейін өз өкілеттілігін орындай береді.

26 қыркүйекте сайлау өтіп, Шольц Германияның билеуші коалициясының құрылғанын жариялады. Осылайша 8 желтоқсанда Бундестагта Шольцтің ант беру рәсімі өтеді деп жоспарланған.

Германия
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: