Ресей Қырғызстанда АЭС салатын болды

Қырғызстан, АЭС Сурет: pixabay
Ресейлік корпорация Қырғызстанда қуаттылығы аз АЭС салумен қатар, ядролық инфрақұрылымды дамытуды көздейді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы мен Қырғызстанның Энергетика министрлігі арасында Қырғыз Республикасында қуаттылығы аз атом электр станциясын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа «Росатом» бас директоры Алексей Лихачев пен Энергетика министрі Досқұл Бекмырзаев қол қойды. Тараптар RITM-200H реактор блогы негізінде атом электр станциясын (АЭС) салуға мүдделі.

Меморандумда Қырғызстандағы ядролық инфрақұрылымды дамыту және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану үшін ғылыми-техникалық кадрларды даярлау мәселелері де қарастырылған.

Лихачев Қырғызстанда атом электр станциясы сияқты нысанның болуы елді электр қуаты жағынан тәуелсіз етіп қана қоймай, бүкіл Орталық Азия аймағындағы ғылыми жобалардың санын көбейтетінін айтты.

«Росатом»  400-ге жуық ядролық компанияны қамтитын ресейлік мемлекеттік холдинг. Корпорация Ресейдегі барлық атом электр станцияларын басқарады. Холдинг уран қоры бойынша әлемде екінші орында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады