Bloomberg «Ресей Украинаға басып кірді» деп қателесіп, мақала жариялап жіберді

Сурет: РФ Қорғаныс министрлігі
Bloomberg агенттігі "Ресей Украинаға "басып кірді" деген тақырыпта мақала жариялап, одан кейін оны бірден жойды әрі өз қателігін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz

Журналистер бұл үшін кешірім сұрап, қателік жібергендерін мойындады. Бұл туралы агенттіктің сайтында хабарланды.

Біз көптеген сценарий үшін алдын ала тақырыптар дайындап қоямыз. Осылай әзірленген "Ресей Украинаға басып кірді" деген тақырып байқаусызда шығыс уақыты бойынша 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 3:00 — ред. ескертуі) сайтта жарияланып кетті. Біз қателікке бой алдырғанымыз үшін қатты өкініш білдіреміз. Хабарлама мәтіні

Сондай-ақ қате тақырып алынып тасталғаны, қазір "шапқыншылық" туралы материалды жариялау жағдайлары зерттеліп жатқаны да айтылады.

"Шапқыншылық" туралы тақырып Bloomberg-тің басты бетінде жарты сағат, яғни 30 минут бойы тұрған.

Жақында Украина мен Батыс елдері Ресейді арадағы шекарада агрессивті іс-қимылды күшейтті деп айыптады. Мәскеу мұндай айыптауларды жоққа шығарады. РФ СІМ НАТО-ның Ресей шекарасындағы әскери техникалар санын көбейтуді қалайтынын, мұндай мәлімдемелер соған сылтау екендігіне сенімді.

Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек