БАҚ: Ирактағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасалды

Сурет: pixabay
Бірқатар Telegram-дағы арналар Ирактағы Күрдістан астанасы Эрбилде жарылыстар болғаны туралы хабарлады. АҚШ Бас консулдығы аумағына бірнеше зымыран түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ирактың ұлттық ақпарат агенттігі хабарлады.

Өңірде Америка Құрама Штаттарының әскери-әуе күштері дабыл белгісімен көкке көтерілгені айтылады. Ирак БАҚ-тарының пайымдауынша, нысан алты баллистикалық зымыранмен атқыланған.

Эрбил - Ирактағы Күрдістан астанасы. Эрбил губернаторы Омед Хошнав бірнеше зымыран түскенін айтты, бірақ АҚШ консулдығы немесе қаладағы әуежай нысанаға алынды ма, ол жағы әзірге белгісіз. Қалада дабыл дыбысы беріліп жатыр. Сонымен қатар, өңірде әуе қатынасы тоқтатылды.

Зымыранмен соққы көрші Иран жақтан жасалуы мүмкін деген болжам бар. Күрд дереккөздері қалада жарылыстар әлі орын алып жатқанын хабарлайды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі