Түркіменстанда президент сайлауы аяқталды

Сурет: pixabay
Түркіменстанда мерзімінен бұрын өткізілген президент сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы 12 наурызда жергілікті уақыт 19-00-дегі мәлімет бойынша, сайлаушылардың 97,12% дауыс бергенін хабарлады. Ресми дерек бойынша, бүкіл облыс пен ел астанасында дауыс беруге келушілер 97% құраған. Бұл көрсеткіш шетелдегі учаскелерде 91 процентке жуықтайды.

Сарапшылардың көбі қазіргі президенттің ұлы 40 жастағы Сердар Бердімұхамедов айқын басымдықпен жеңіске жетеді деп болжайды. Саяси додаға одан басқа 8 үміткер қатысқан. Сердар Бердімұхамедов өткен жылдың 11-13 ақпанында вице-премьер, Жоғары бақылау палатасының төрағасы болып тағайындалып, Түрікменстанның Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің құрамына енген.

Жаңа мемлекет басшысын  ұлықтау рәсімі 19 наурызға белгіленіп отыр. Түркіменстанда президент 7 жыл мерзімге сайланады.

Түрікменстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін