Польшадан 45 ресейлік дипломат шығарылғалы жатыр

Сурет: gov.pl
Польша үкіметі 45 ресейлік дипломатты елден шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дипломаттар көп дегенде бес күн ішінде елден кетуі керектігі айтылады, деп хабарлайды ТАСС.

Ресей елшісі Сергей Андреев поляк билігінің шешімін негізсіз деп атады. Бірақ оның өзі нон-грат тұлғалар тізімінде жоқ.

Ресми Варшаваның пікірінше, ресейлік дипломаттар өз мәртебесіне сәйкес келмейтін іс-әрекеттері үшін елден шығарылмақ, оларға тыңшылық жасады деген күдік келтірілген.

Алдында арнайы барлау қызметі Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен Польша азаматын ұстағаны белгілі болды. Оның АХАЖ мұрағаты бөлімінде жұмыс істегені, ресми құжаттар, сондай-ақ тарихи жазбалардың Орталық мұрағаты мен Варшава мемлекеттік мұрағатының материалдарын қарауға рұқсаты болғаны нақтыланады.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды