Қараша айында әлем бойынша локдаун енгізіледі – фейк

Сурет: Zakon.kz
Доктор Фаучидің CNN телеарнасындағы сөзінен кейін  глобалистер осы жылдың қараша айында әлемде локдаун дайындап жатқандығы туралы айтыла бастады. Кейін бұл ақпардың жалған екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Доктор Энтони Фаучер биыл 18 наурызда COVID-19 пандемиясының әлі аяқталмағанын және қажет болған жағдайда шектеулер енгізу үшін аурудың таралуы мен өлім-жітімді бақылау қажет деп мәлімдеген. Алайда АҚШ-та, тіпті әлемде толық локдаун енгізу туралы сөз болған жоқ.

stopfake.kz телеграм арнасының жазуынша, Энтони Фаучи АҚШ-тан тыс жерлерде карантиндік шектеулер енгізу немесе алып тастау туралы мәселелерді шешпейді. Бұл мәселелермен әрбір жеке мемлекеттегі санитарлық дәрігерлер айналысады.

Қазіргі кезде қараша айындағы эпидемиологиялық жағдайға нақты болжам жасау мүмкін емес. Демек, бүкіл әлемде пандемияның жаңа толқыны болады деп айту негізсіз.
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды