Украиндықтарға Zoom арқылы бір күнде некесін тіркетуге рұқсат етілді

Сурет: pixabay
Украинаның Әділет министрінің орынбасары Валерия Коломиец әскери жағдай кезінде ел тұрғындарына қашықтықтан, соның ішінде Zoom арқылы да некеге тұруға рұқсат етілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС хабарлағандай, қазір бір күн ішінде өтініш беріп, қарым-қатынасты ресми түрде рәсімдеуге болады.

Коломиецтың айтуынша, некені ұрыс іс-қимылдары жүріп жатпаған аумақтағы кез келген АХАЖ органында тіркеуге болады.

Белгілі бір жағдайларда некені тек АХАЖ қызметкерлері ғана емес, полиция мен әскери қызметкерлер де тіркей алады. Бұл мәселе ғашығы майданда жүргендер үшін өте өзекті, оларды Zoom арқылы қашықтықтан қосуға болады", – деді Коломиец.

24 ақпанда Украинаның бүкіл аумағында соғыс жағдайы енгізілді. 15 наурызда Рада бұл режимді 26 наурыздан тағы 30 күнге ұзартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді