Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында рекордтық нәтижемен жеңіске жетті

Рамзан Қадыров , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 16:26 Сурет: Telegram/RKadyrov_95
Бүгін, 2026 жылғы 21 қыркүйекте, 49 жастағы Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы қызметіне қайта сайланды. Ол республиканы 2007 жылдан бері басқарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

100% хаттама өңделгеннен кейінгі ресми мәлімет бойынша, Қадыров 99,85% дауыс жинап, рекордтық нәтижемен жеңіске жеткен. Сайлауда Қадыровпен бірге тағы екі кандидат бақ сынады. Олардың әрқайсысы Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметіне сәйкес, 0,05% дауыс жинаған.

РБК Life басылымының хабарлауынша, бұл Қадыровтың республика басшысы қызметіндегі кезеңінде тікелей сайлау арқылы үшінші рет сайлануы.

2021 жылы ол сайлаушылардың 99,7% дауысын жинап, сайлауға қатысу көрсеткіші 94,61% болған. Ал 2016 жылы Қадыров 97,94% дауыс алған, сол кездегі сайлауға қатысу деңгейі 94,8% құраған.

Рамзан Қадыров Шешенстан Республикасын 2007 жылдан бері басқарып келеді. Бастапқыда оны Ресей президентінің ұсынысымен республика парламенті қызметке бекіткен. Бұл — қазіргі таңда Ресей өңірлерінің барлық басшылары арасындағы ең ұзақ басқару мерзімі.

Ресейде 2026 жылғы 18-20 қыркүйек аралығында Бірыңғай дауыс беру күні өтті. Оның басты оқиғасы — IX шақырылым Мемлекеттік думасына сайлау болды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге құттықтаужеделхатын жолдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: