Бейжіңде кафе мен мейрамханалар жұмысына уақытша шектеу енгізілді

Сурет: pixabay
Бейжіңдегі сауда департаментінің өкілі Дин Цзяньхуа 1-4 мамыр аралығында қалалық тамақтану орындарына тек тамақ жеткізуге рұқсат етілгенін, ал кафелер мен мейрамханалардың қызмет көрсетуіне тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Rg.ru мәліметінше, 5 мамырдан бастап Қытай астанасының тұрғындары мен қонақтарына "қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктердің барлық түрлерін" қолдану тек толық вакциналау курсын алғанын растаумен қатар 48 сағат ішінде жасалған COVID-19 ПТР-тест анықтамасын көрсеткен жағдайда мүмкін болады.

Сондай-ақ Бейжің билігі коронавирустың жеңіл белгілері бар науқастарға арналған 4 мың аурухана төсек-орнын даярлап, енді үлкен карантиндік алаңдарды құруды тездетіп жатқандарын айтты.

Қытай бір тәулік ішінде COVID-тің 10 700-ден астам жағдайы тіркелгенін хабарлады, олардың көпшілігі ҚХР экономикасының қозғаушы ошағы Шанхайда анықталды. Мамырдың бес күндік демалыс кезеңі, әдетте, Қытайдағы ең көп саяхаттайтын кезеңдердің бірі болып табылады, бірақ елде COVID-19-ға шалдығушылардың көбеюіне байланысты тұрғындардан өз үйінде қалу сұралады.

Қытай
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді