ЕО жылдың соңына дейін Ресей мұнайына тыйым салуды көздейді — БАҚ

Сурет: pixabay
Еуропалық одақ санкцияның алтыншы пакетін әзірлеп жатыр, оның аясында Ресей мұнайына толығымен тыйым салу және Ресей мен Беларусь елінің бірнеше банктерін SWIFT жүйесінен ажырату жоспарланып отыр, олардың арасында Sber де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЕО Ресейге қарсы жаңа шектеу шараларын келесі аптада талқылайды, ,бұл реттегі шешім ЕО елшілерінің кездесуінде қабылданады, деп хабарлайды Bloomberg өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Дереккөздерге сүйенсек, Ресей Федерациясына қарсы келесі санкциялар пакетінің ықтимал бір бөлігіне "кеңес беру қызметтеріне мен бұлтты технологиялар базасы бойынша қызметтерге, сондай-ақ жылжымайтын мүлік сатып алуға шектеулер қою" жатады.

Айта кетсек, сәуір айының басында ЕО бесінші санкциялар пакетін бекітті. Ол бойынша ресейлік кемелерге Еуропалық одақ елдері порттарына тоқтауға тыйым салынды. Ресей Федерациясынан жеткізілетін көмірге эмбарго енгізілді, көлік компанияларының жұмысы шектелді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясына реактивті отын, кванттық компьютерлер, жартылай ток өткізгіштер материалдары әкелінбейтін болды.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді