Греция санкцияларға қарамастан Ресей мұнайын тасымалдауды жалғастыруда

Сурет: pixabay
Мамыр айының басында ұсынылған ЕО санкциясының алтыншы пакетінде Ресей мұнайына біртіндеп эмбарго енгізу қарастырылған. Әлемдегі ең үлкен танкер флотына ие Греция танкер бизнесінің ел үшін маңыздылығын атай келе, бұл тыйым түріне қарсы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санкциялардың енгізілгеніне қарамастан грек танкерлерінің белсенді жұмысының арқасында Ресейден теңіз арқылы шикі мұнайдың экспорттау бұрынғы деңгейде сақталып отыр, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Күн сайын теңіз арқылы шамамен 509 миллион долларға 4,5 миллион баррель мұнай экспортталады.

Die Welt басылымының мәліметінше, сәуірде Ресейдің Приморск, Новороссийск, Усть-Луга және Санкт-Петербург мұнай порттарынан 190 танкер аттанды, олардың 76-сында грек туы желбіреп тұрды.

Сәуір айының соңында Nissos Rhenia грек танкері Роттердам портына Urals маркалы ресейлік мұнайды бортқа жеткізіп, Сингапурға аттанды, деп хабарлайды Lloyd ' s басылымы. Үндістанға, Қытайға және Оңтүстік Кореяға көптеген танкер аттануда, ал мұнай танкерлерінің ставкасы Украинадағы әскери қақтығысқа байланысты 230%-ға өсті.

Мамыр айының басында ұсынылған ЕО санкциясының алтыншы пакетінде Ресей мұнайына біртіндеп эмбарго енгізу қарастырылған. Әлемдегі ең үлкен танкер флотына ие Греция танкер бизнесінің ел үшін маңыздылығын атай келе, бұл тыйым түріне қарсы шықты.

Ресей
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі