Күзетілетін аймаққа бөтен ұшақтың кіруіне байланысты Байден үйінен эвакуацияланды

Сурет: Instagram/joebiden
АҚШ Президенті Джо Байден мен оның әйелі Джилл қорғалатын әуе кеңістігіне бөтен ұшақтың кіруіне байланысты Делавэрдегі үйінен эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі Twitter-де жазды.

BBC News хабарлауынша, ұшақ ұшуға шектеулер енгізілген әуе аймағына абайсызда қателесіп кіріп кеткен. Ұшқыш күзетілетін аймақтың үстінен ұшу туралы жарияланған нұсқаулықты ескермеген, қажетті радиожеліге қосылмаған болып шықты.

Әуе кемесін екі әскери ұшақ алдынан қарсы алып, қорғалатын аймақтан "дереу шығарып жіберді".

Құпия қызметі ұшқыштың тергеуге алынатынын, тиісті радиожеліде болмағаны және ұшу тәртібіне қатысты нұсқаулықты орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Байденнің отбасы жергілікті өрт сөндіру бөліміне уақытша жеткізілді, қазір олар қайтадан үйлеріне оралды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды