Мексиканың оңтүстігін ойрандаған дүлей дауыл 28 мың үйді жарамсыз етті

Оахака штатын мамыр айының соңында "Агата" дауылы талқандап өтті. Аймақ губернаторы Алехандро Мурат шығындар есептелгенін, 28 мың баспана мен 191 мектеп қалпына келтіруді қажет ететінін хабарлады. Қазір көптен жылу жинау жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, жалпы алғанда 100 мыңнан астам адам материалдық шығынға ұшырады. Апаттың салдарын жою үшін штаттың 69 муниципалитетінде төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккен халыққа шамамен 4 мыңға жуық әскери қызметші көмектесіп жатыр.

Тынық мұхиты үстінде пайда болған, Саффир - симпсон шкаласы бойынша бес санаттың екіншісін құрайтын дауыл 30 мамырда Оахака аймағында құрлыққа шығып, жан-жақты жайпап өтті. Циклонның салдарынан нөсер жаңбыр жауып, ол су тасқыны мен лай көшкінін тудырды.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, тбиғи апаттан тоғыз адам қаза тапты, тағы бесеуі хабар-ошарсыз кетті.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: