Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған Боливияның экс-президенті 10 жылға сотталды

Сурет: Twitter/JeanineAnez
2019 жылдың қараша айында Боливия президенті Эво Моралес отставкаға кетуге мәжбүр болғаннан кейін жаңа сайлау өткізілгенше Аньес Мемлекет басшысының міндетін атқарған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот Боливия Президентінің бұрынғы міндетін атқарушы Жанин Аньесті мемлекеттік төңкеріс ісі бойынша кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ТАСС.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, сот үкімді тараптардың назарына жеткізді, бірақ шешімнің негіздемесі бірнеше күннен кейін жарияланады.

Мемлекеттік төңкеріс ісі бойынша Аньеске террорды, бүлікті ұйымдастырды, қастандық, сатқындық жасады деген айыптар тағылды.

2019 жылдың қарашасында Боливия президенті Эво Моралес өзінің қайта сайлануына қарсы ұйымдастырған ауқымды наразылық акцияларынан кейін отставкаға кетуге мәжбүр болды. Ал жаңа сайлау өткізілгенше Аньес Мемлекет басшысының міндетін атқарушы болды.

2020 жылдың қазан айында Луис Арсе Президент болып сайланды. Кейіннен Боливияның Конституциялық соты Жанин Аньестің Президент болып тағайындалуын заңсыз деп тапқан шешімді қабылдады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді