Сот Қазақстанды қоса алғанда, 75 ел азаматтарына Трамп енгізген иммиграциялық виза беруге тыйымды жойды

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2026 16:32 Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ-тың федералды соты Дональд Трамп әкімшілігі енгізген 75 ел азаматына иммиграциялық виза беруге тыйымды жойды. Бұл тізімге Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан, сондай-ақ Ресей, Мысыр, Грузия және басқа мемлекеттер кірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шектеулерді АҚШ Мемлекеттік департаменті қаңтар айында енгізген. Ведомство бұл шараны әлеуметтік төлемдер мен АҚШ үкіметінің өзге де көмегіне тәуелді болуы мүмкін адамдардың елге кіруіне жол бермеу қажет екенімен түсіндірген.

Судья Жанетт Варгас мұндай саясаттың "заңға қайшы келетінін" және Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың өкілетінен тыс екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, консулдық қызметкерлер тізімге енгізілген елдердің азаматтарына олардың қаржылық жағдайы мен өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігіне қарамастан виза беруден бас тартуға мәжбүр болған, деп жазды CNN 2026 жылғы 22 тамызда.

Сот тек осы саясат негізінде қабылданған визадан бас тарту шешімдерінің күшін жойды. Ал басқа да заңды негіздер бойынша бас тартылған визаларға қатысты шешімдер күшінде қалады.

Шектеулер иммиграциялық визаларға қатысты болды. Атап айтқанда, бұл визалар АҚШ-қа туыстарына қосылу немесе тұрақты жұмыс істеу үшін көшетін азаматтарға арналған. Туристік және студенттік визаларға бұл тыйым қолданылған жоқ.

Сот сондай-ақ Мемлекеттік департаменттің бұл саясаты иммиграциялық виза беру кезінде азаматтығына қарай кемсітуге тыйым салатын 1965 жылғы заңға қайшы келгенін атап өтті.

Трамп әкімшілігі сот шешіміне шағым түсіре алады. Тараптарға іс бойынша қалған мәселелерді реттеу жолдарын ұсыну үшін 11 қыркүйекке дейін уақыт берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: