АҚШ 75 елдің азаматтарына виза беруді тоқтатты

Виза, АҚШ, тоқтату, 75 ел, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2026 22:41 Сурет: freepik
Шектеулер енгізілген елдердің тізіміне Ресей, Сомали, Ауғанстан, Бразилия, Иран, Ирак, Мысыр, Тайланд, Йемен, Нигерия және басқалары да кіреді. Бұл реттегі шектеу иммиграциялық емес визаларға қолданылмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

LIVE 5 News мемлекеттік департамент баспасөз хатшысының орынбасары Томми Пиготт әлеуметтік жәрдемақы алудан үмітті шетелдіктердің елге кіруіне жол бермеу үшін виза бойынша үзіліс жарияланғанын мәлімдеді деп хабарлайды.

"Аталған 75 елмен арада көші-қон тоқтатылады, себебі мемлекеттік департамент әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді пайдаланатын шетелдік азаматтардың елге кіруіне жол бермеу үшін иммиграциялық процедураларға қайта бағалау жүргізетін болады", – деп атап өтті Пиготт.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен бизнес жүргізетін әрбір елге 25% баж салығын енгізгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: