Канадада коронавирус шектеулері жойылды

Сурет: pixabay
15 маусымнан бастап Канада үкіметі вакцинацияланбаған канадалықтардың ел ішінде ұшақпен, пойызбен немесе су көлігімен жүруіне, сондай-ақ елден тыс жерге ұшуына жол бермейтін федералды ковид шектеулерін алып тастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ ТАСС агенттігінің мәлімдеуінше, Канадаға барғысы келетін шетелдіктер әлі де коронавирусқа қарсы екпе салдыруы керек әрі вакцинаны Канаданың Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған болуы керек.

Қазіргі уақытта елдің барлық азаматтары вакцинация мәртебесіне қарамастан Канадаға кіре алады, бірақ вакцина салдырған канадалықтар 14 күндік карантиннен өтуі керек.

Канада
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тибетте қатты жер сілкінісі болды