Сот Алмазбек Атамбаевты екі қылмыстық іс бойынша ақтады

Сурет: Facebook/Алмазбек Атамбаев
Бішкектің Первомай соты Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты екі қылмыстық іс бойынша ақтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg мәлім еткендей, оған Түркия азаматтарына төлқұжаттарды заңсыз берді және "Қалыс-Ордо" тұрғын үй аумағында мектеп салу кезінде лауазымын теріс пайдаланды деген айыптар тағылды.

Атамбаев 2011 жылдан 2017 жылға дейін президент болды. Кейін ол президенттік иммунитеттен айырылды. Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 2019 жылғы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлық және қылмыстық кірістерді заңдастыру, сондай-ақ 2020 жылғы қазанда Бішкекте жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру сынды айыптар бар.

2020 жылғы 23 маусымда Бішкектің Первомай соты Атамбаевты 11 жыл және екі айға бас бостандығынан айырып, 2013 жылы қылмыстық әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іс бойынша мүлкін тәркіледі.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды