Ауғанстанда жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны артты

Сурет: pixabay
Ауғанстандағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны мыңнан асты. Пактика провинциясында жер асты дүмпулері кезінде шамамен 1,5 мың адам жарақат алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гаян және Бармал аудандарында жер сілкісінен қайтыс болғандар саны туралы ақпаратты провинцияның Ақпарат және мәдениет департаментінің басшысы Мохаммад Амин Хозаифа мәлімдеді.

Табиғи апаттарды жою басқармасы таратқан мәлімет бойынша, көрші Хост провинциясында 25 адам қайтыс болды, тағы бірнеше тұрғын жарақат алды. Нангархар провинциясында бес адам қайтыс болды, деп жазды RBC.

Бұған дейін Ауғанстан ІІМ қаза тапқандар саны 950-ге жетіп, 600-ден астам адам жарақат алғаны туралы мәлімет берген болатын.

22 маусымда Ауғанстанда 6,1 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл Пактика провинциясындағы Наки, Зирок, Бармал және Гаян аудандарына әсер етті. Жер асты дүмпулері екі провинциядағы тұрғын үйлерді қиратты.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін