Қырғызстан қазақтары қауымдастығының бұрынғы басшысы Марат Токтоучиков сотталды

Сурет: freepik
Сот Қырғызстан қазақтары қауымдастығының бұрынғы басшысы Марат Токтоучиковке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы «Отанға опасыздық жасау» бойынша кінәлі деп танылды. Сот екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім шығарды.

2021 жылғы сәуірде Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті екі азаматтың мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен ұсталғаны туралы ақпарат таратты.

Кейін ұсталғандардың бірі саясаттанушы Марат Қазақпаев, екіншісі Қырғызстандағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Токтоучиков екені белгілі болды. Ұсталғандардың қылмыс жасау мерзімі және қай елге жұмыс істегені хабарлан жоқ.

Саясаттанушы Марат Қазақпаев 10 маусымда тергеу изоляторында инсульттен қайтыс болды, соған байланысты сот оған қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды