Канада ресми құжаттарға Түркия атауын өзгертіп, қайта енгізді

Сурет: pixabay
Канада СІМ өкілі мемлекет атауына өзгеріс енгізу "Түркияның қалауына құрметпен қарауға" байланысты орын алғанын жеткізді. Енді Turkey (ағылшынша) және Turquie (французша) орнына түрік фонетикалық нормаларына сәйкес мемлекеттің атауы Turkiye деп жазылатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, 31 мамырда Түркия БҰҰ-дан республика атауын шет тілдеріндегі барлық ресми құжаттарда өзгертуді сұрады.

1 маусымда БҰҰ бұл сұранысты қанағаттандырды. Осылайша, барлық халықаралық форумдарда және ресми құжаттарда дәстүрге айналған Turkey атауының орнына түрік тілі қолданысындағыдай Turkiye деп жазылатын болды.

Түркия бірнеше жыл бойы елінің бренд ретінде барынша танылуына қол жеткізу және оны бірегей ету мақсатында әлемдік нарықта өз имиджі мен тауарларын ілгерілетумен белсенді түрде айналысып келеді.

Канада
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады