Қытайдағы салымшылар банктегі жинағына алаңдаулы – билік көшеге танк шығарды

Сурет: видеодан скриншот
Хэнань провинциясында көшелерде танктер пайда болды. Қытай банкінің бөлімшесі халықтың жинағы енді «инвестициялық өнім» екенін және оны қайтарып алуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наразылық бірнеше аптаға созылды. Оған себеп – жергілікті тұрғындардың салымы қатырылған. Кейбіреуі бар жиған-тергенінен айырылды.

Куәгерлердің айтуынша, көшелерге танкілер қойылған. Танкіні көрсететін видеолар әлеуметтік желіде көптеп жарияланды. Хэнань провинциясының билігі танктерді банктің жергілікті бөлімшесін қорғау үшін қойған.

Дегенмен бұл Қытай экономикасында туындаған жалғыз күрделі мәселе емес.

Сондай-ақ ипотекалық төлемдерге бойкоттар көбейіп келеді. Бүгінгі күні олар 91 қалада кемінде 301 тұрғын үй жобасын қамтыды. Наразы топ құрылысшыларды құрылысты кешеуілдеткені үшін кінәлап жатыр.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі