Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Абэні өлтірген адамның психикасы тексеріледі

Сурет: Instagram/shinzoabe
Жапонияның экс-премьер-министрін өлтірген адам психикалық денсаулығын тексеру үшін алдын ала тергеу изоляторына ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапондық Kyodo агенттігінің хабарлауынша, сарапшыларға Тецуя Ямагамидің өз әрекеті үшін сот алдында жауап беруге қабілеттігін анықтауға төрт ай уақыт берілген.

Сондай-ақ қылмыскердің үйінен табылған қолдан жасалған қаруларға баллистикалық сараптама жүргізеді. Егер оның өлімге әкелуі мүмкін екендігі анықталса, күдіктіге кісі өлтірді деген айыппен қоса, атыс қаруын заңсыз дайындады және сақтады деген айып тағылуы мүмкін.

8 шілдеде Нара қаласында Синдзо Абэге қастандық жасалды. Абэ көшеде сөз сөйлеп тұрғанда Тецуя Ямагами оны атып тастады. Синдзо Абэ қансырап, есінен танып ауруханаға жеткізілді. Көп ұзамай қайтыс болды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды